Алматы облысында төтенше жағдай жариялануы мүмкін

  • 318
  • 17.09.2025, 19:57

Алматы облысында тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында 3 күннен бері өрт сөндіру жұмыстары жүріп жатыр. Тілсіз жауды ауыздықтауға 250-ден астам қызметкер мен 120 техника жұмылдырылған. ТЖД мәліметінше, өрттің аумағы 15 гектарға жеткен. Жағдайды қолайсыз ауа райы қиындатуда, қою түтін бірнеше шақырымға дейін таралған. Осыған байланысты полигон ауымағында төтенше жағдай режимін енгізу мәселесін арнайы комиссия қарастырып жатыр. Жақын маңдағы елді мекендердегі 3 мектеп қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Көмекке бірнеше облыстан құтқарушылар келді. Сондай-ақ оқиға орнына Түркістан және Абай облыстарынан да өрт сөндірушілер жолға шықты.

Дәурен Оразбеков, Алматы облыстық ТЖД бастығы: 

- Жағдай қиын болса да бүкіл жеке құрам жұмыс істеуде. Ауаның ластануы және қатты жануы, қазіргі таңда ашық оттар жоқ, тек қана бықсу боп жатыр. Полигонның негізгі көлемі 35 гектар шамасында. Толықтай оқшауланғаннан кейін ақпарат толықтай берілетін болады.