Маңғыстау облысында есірткі қылмысына қатысты екі шенеунік ұсталды

  • 10
  • 18.09.2025, 19:31

Полицияның дерегінше, осы жәйт бойынша тағы бір адам тергеліп жатыр. Күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалып, оның жеке басын тінту кезінде тәркіленген заттар арнайы сараптамаға жіберілген. Бұл дерек өңірде жүріп жатқан республикалық жедел алдын алу шарасы кезінде әшкереленіп отыр. 

Әйгерім Ибадуллаева, ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы:

- Маңғыстау облыстық прокуратурасының үйлестіруімен «Қарасора-2025» жедел профилактикалық іс-шарасы шеңберінде полиция департаментінің қызметкерлері Мұнайлы ауданы әкімдігінің есірткі қылмысына күдікті қызметкерлері ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.