Бұл үшін адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы жалған шарт жасасып, аффилирленген компаниялар арқылы ақша аударған. Ал қаражат Ақмола облысында жел электр станциясын салуға арналған. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған еді. Қазір ол тергеу изоляторына қамалды.
Әсел Беркалиева, ҚР бас прокуратурасының өкілі:
-Қылмысқа қатысы бар басқа тұлғалар осы жылдың мамыр айында әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Қылмыстық заңмен айыпталған әрекетті жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы шетелде жасырынып жүрген тұлғаларды іздестіру және оларды қылмыстық жауаптылыққа тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуді жалғастыруда.