Әңгіме зейнетақы салымшыларының ақшасын заңсыз алуға жәрдем көрсеткен қылмыстық топтардың мүлкіне қатысты. Агенттік таратқан ақпартта Porsche, Escalade, BMW сияқты 15 темір тұлпар көрсетілген. Олардың жалпы құны 600 млн теңгеден асады. Күдіктілер жалған құжаттарды рәсімдеу арқылы Атырау, Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау тағы басқа қалаларда 30-дан аса стоматологиялық клиника ашқан. Ал шын мәнінде бұл медициналық ұйымдар халыққа ешқандай қызмет көрсетпеген. Тіпті олардың ғимараты мен білікті қызметкерлері де болмаған. Ал келісімді рәсімдеу үшін жалған құжаттарды пайдаланған.