Алматыда пошта арқылы есірткі жеткізу әрекеті әшкереленді

  • 6
  • 22.09.2025, 19:41

АҚШ-тан келген сәлемдеменің ішінен өсімдік тектес есірткі затының айтарлықтай мөлшері табылған. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, күдікті қамауға алынды. Бұл жалғыз жағдай емес, мұндай қитұрқы әрекеттер бұған дейін де тіркелген. Жыл басынан бері Алматыда 416 келі есірткі тәркіленді. Оның ішінде 44 келісі синтетикалық есірткі.