Рудный қаласының прокуроры қамауға алдынды

  • 11
  • 29.09.2025, 19:33

Қостанай облысындағы Рудный қаласының прокуроры Мұрат Оспанов қамауға алынды. Бұл ақпаратты Бас прокуратура растады. Ресми дерек көзіне сүйенсек, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен прокуратураның ішкі қауіпсіздік қызметінің бірлескен іс-қимылының арқасында ол қолға түскен. Прокурорға нақты қандай айып тағылғандығы айтылмайды. Тек «қылмыстық жаза қолданылатын әрекетке барды» делінген.