3 жыл бойы Қазақстан, Беларусь, Ресей және Қырғызстан азаматтарынан криптовалюта, майнинг және жобаларды инвестициялауға ақша тартып келген. Жеке кабинеттер криптовалюта түрінде Amir Wallet әмияны арқылы толтырылып отырған. 40-тан астам адамға 5-10% көлемінде табыс уәде еткен.
Ернар Тайжан, Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
-Ұйымдастырушылар техникалық ақаумен түсіндіріп төлемдерді қайта бастауға уәде бергенімен қаражатқа қол жеткізу мүмкіндігі қалпына келтірілмеген. Сот санкциясымен құны 10 млн АҚШ долларынан асатын криптоактивтер мен Алматы облысындағы жер теліміне тыйым салынды. Күдіктілердің бірі екі айға қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.