ҚХП әлеуметтік жобалармен танысты

  • 4
  • 06.08.2026, 19:46

Жетісу облысында жүзден аса үкіметтік емес ұйым тұрақты түрде жұмыс істейді. Азаматтық қоғамды дамытуға атсалысып жүрген жандармен Қазақстан Халық партиясының өкілдері жүздесті. Жиын барысында мүгедектігі бар жандар жүзеге асырған жобалар баяндалып, жоспарлары таныстырылды. Мәселен, өңірде ерекше күтімдегі адамдарға тегін инвотакси қызметі ұсынылады. Арнайы ақпараттық портал да ашылған. Жеке кәсіп ашам деушілерге қолөнер бұйымдарын жасау жолдары үйретіледі. Ал егде жастағы жандар үшін белсенді өмір сүру орталығы қарастырылған. Басқосуда саланы дамыту мәселесі талқыланып, Құрылтай депутаттығына кандидаттарға бірқатар ұсыныстар айтылды.

Олжас Бекдәулетұлы, ҚХП атынан Құрылтай депутаттығына кандидат:

-Халықпен көптеген кездесу өткізіп жатырмыз. Халықтың белсенділігі жақсы. Олар өздерінің сұрақтарын қояды, көптеген мәселелерді көтереді. Инклюзия жағынан, жастарды қолдау, соған көңіл бөлу. Басқа да әлеуметтік мәселелер бар.