Енді дропперлер 7 жылға дейін сотталады

  • 17
  • 25.09.2025, 19:33

Заңға сәйкес ақша аударып, банк шотын өзгеге бергендер жазаланады.

Онлайн жұмыс беруші Петропавл қаласының тұрғынына банк карталарын ақша аударымдарына пайдалануды ұсынған. Жұмыссыз жүрген 30 жастағы азамат бастапқыда жеңіл табысқа кенелетін болдым деп қуанады. Алайда ол алаяқтардың жоспарын жүзеге асыруға көмектескенін кеш түсінген. Енді зардап шеккендерге 6 миллион теңге өтеуге мәжбүр

-Жұмыстың басты тапсырмасы банк карталарын ашып, оларды белгілі бір мекенжайларға жіберу болатын. Қолымда ақша болмағандықтан осылайша қосымша табыс табайын дедім. Кейін банк карталарын ашып, көрсетілген мекенжайларға жібердім. Арадан біраз уақыт өткен соң, менімен полиция қызметкерлері байланысқа шықты. Сөйтсем, олар бұл ақшаларды үшінші тұлғалардан алаяқтық жолмен иемденген екен.  

«Картамды ғана бердім» деп ойлау қателік. Алаяқтар сіздің атыңызды пайдаланып, заңсыз ақша аударады. Ал жауапқа алдымен сіз тартылуыңыз мүмкін. Мәселен, былтыр 6 мың карта осылай пайдаланылып, 24 млрд теңге айналымда болған. Заңгердің айтуынша, дропперлер видео, SMS, тіпті қоңырау арқылы да байланысқа шығуы мүмкін.

Нұрлан Жаңабаев, заңгер:

-Көп кісілерге WhatsApp арқылы звондайды, видео арқылы звондайды. Кейбір кезде болды менде, ол кісіге полиция формасымен звондаған. Білесіздер. Жарияланған ақпараттар бойынша полиция, ішкі істер органдары полиция қызметкерлері, құзырлы мемлекеттер ешқандай шықпайды. Жан-жақтан көп адамдар сөйлесе кетеді. Алаяқ кісілер гипнотерапия дегеннен өтеді. Адамдар көбіне соған ілініп қалып жатыр. 

Қылмыстық кодекске енгізілген жаңа өзгерістерге сай өз банктік шотын өзге адамға бергендер 3 жылға дейін, банктік шот арқылы басқа адамға заңсыз ақша аударғандар 5 жылға дейін, ал дропперлер яғни басқалардың банктік шотын басқару құқығын заңсыз иеленгендер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Бейбіт Біржанов, ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті басқарма бастығының орынбасары:

-Ақша аударымдарын жүзеге асыруына байланысты пайыз соммасы аз, 5% басталады да, өсе береді. Ағымдағы жылдың 8 ай қорытындысы бойынша интернет алаяқтық фактілері бойынша 34 миллиард теңгедан астам зардап келтірілді. Оның 2 миллиард ақшасы қайтарылды. Шетелге шығарылады. Криптавалютаға. Кейін жәбірленушілер кеш арызданады. Айлап, жарты жылдан кейін келеді. Бұл ретте қылмысты анықтау қиынға түседі.  

Ішкі істер министрлігі логин, пароль, PIN-код және басқа да қауіпсіздік деректерін өзгеге беруге болмайтынын ескертеді. Әсіресе, жасөспірімдер мен студенттердің сақ болғаны абзал.

Диана Қадыр, Қайрат Ақтөреев