Оның барысында Алматы қаласының экологиялық ахуалы, атмосфералық ауа сапасын бақылау, қоршаған ортаның жай-күйін тұрақты мониторингтеу және экологиялық қауіпсіздікті күшейту мәселелері талқыланды. Қатысушылар қоғамдық көлік жүйесін дамыту, көлік кептелістерін азайту және жанармай сапасын қатаң бақылаудың ауа сапасына тікелей әсер ететінін атап өтті. Партия өкілдері экологиялық мониторингті жетілдіру, тәуелсіз бақылауды күшейту және халықтың таза ауаға деген конституциялық құқығын қорғау жайлы айтты. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ұсыныстары мен мәселелерін ортаға салды.
Алма Қараш, «Байтақ» партиясының мүшесі:
- Әрбір екінші бала аллергия мен демікпеден зардап шегеді. Онкологиялық аурулар мен қант диабеті сияқты дерттер жасарып барады. Тіпті Алматының ауасы мен экологиялық жағдайы азаматтардың психологиялық ахуалына да әсер етеді. Ең қызығы, бұл мәселелердің барлығын білеміз. Ендігі міндет – оларды өте жоғары деңгейде, мемлекеттік деңгейде шындап қолға алып, шешу.