Астанада дропперлердің іс-әрекеті әшкереленді

  • 12
  • 29.09.2025, 19:34

Астанада алаяқтарға көмек көрсеткен дропперлердің іс-әрекеті әшкереленді.  Осы жылдың ақпан айында шетелде орналасқан алаяқтар «Call-орталық» ұйымдастырып, IP-телефония арқылы Қазақстан азаматтарына қоңырау шалған. Олар өздерін мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарды күмәнді ақшалай аударымдар туралы жалған ақпаратпен алдап, қаражатты Ұлттық банктің «қауіпсіз» шоттарына аударуға көндірген. Ал ақшаны қолма-қол шығару үшін Қазақстанның төрт азаматын өздеріне серік еткен. Олардың арасында кәмелетке толмағандар бар. Аталған алаяқтық жүйе салдарынан 7 адам, 5 жарым миллион теңгеден астам материалдық шығынға батқан. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Бауыржан Мырзалиев, қала прокурорының көмекшісі:

- Прокуратура органы тарапынан борышкерлерді жауапқа тарту жұмысынан бөлек, алимент төлеуге жәрдемдесу жұмыстары да жүргізілуде. Мысалы ағымдағы жылы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі тоғызыншы рет ұйымдастырылды Шымкент қаласында. Бұл жәрмеңкені өткізу нәтижесінде 100-ге жуық борышкер жұмысқа жолдама алды және 90 борышкер «Еңбек-мансап» орталығына жұмыс іздеуші ретінде тіркелді.