Астанада көппәтерлі тұрғын үй құрылысына бөлінген қазына қаражатын талан-таражға салған. «Дорстройтрест» ЖШС басшысы 7 жылға сотталды. Қаржы мониторингі агенттігі мамандарының ақпаратына сәйкес, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ мен «Дорстройтрест» арасында келісім жасалып, мердігерге 2,6 млрд теңге аударылған. Алайда, құрылыс жұмыстары мерзімінде аяқталмаған. Ал бөлінген қаражаттың бір бөлігі өзге қарыздарды өтеуге және автокөлік сатып алуға жұмсалған. Сонымен қатар, 650 миллион теңге жалған келісімшарт арқылы өзге компанияларға аударылып, қолма-қол ақшаға айналған.
Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:
- Сондай-ақ сот шешімімен жалпы құны 131 млн теңге болатын мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның бұрынғы басқарушы директоры халықаралық іздеуде.