Ақмола облысында «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген 152 млн теңге қазына қаржысы талан-таражға түскен. Тергеу мәліметінше 2020 жылы «Құрылыс бөлімі» мен жеке компания арасында 500 млн теңгеден астам сомаға келісімшарт жасалған. Алайда 3 жыл бойы іс жүзінде атқарылмаған жұмысқа жалған актілер рәсімделген. Қаржы мониторингі агенттігі мамандарының ақпаратына сәйкес мердігер қамауға алынып, қылмыстық іс сотқа жолданды.
Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:
-Сот санкциясымен күдіктілердің 100 млн теңгеден астам құны бар мүлкіне қол қойылды. Мердігерге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.