Осыған байланысты айыпталушылардың жаза өтеу мерзімі қайта бас бостандығынан айыру түріне ауыстырылды. Мұны қылмыстық атқару жүйесінің пробациялық қызмет өкілдері хабарлады. Сала мамандарының мәліметінше, инновациялық жүйенің арқасында құқықбұзушылық дерегі азайып келеді. Электронды білезікке GPS арқылы бақылау жүргізіледі. Жалпы Шымкент қаласы мен Түркістан облысында электронды жүйеге 421 адам тіркелген.
Айбек Тәңірбергенов, қалалық және облыстық ҚАЖД Пробация қызметінің бастығы:
- 173 бұзушылық адамның 72 сотталған азаматтың жазасы бас бостандығынан айыру түріне ауыстырылды. Электронды білезік таққалы бері пробация есебіндегі азаматтардың арасында қайта қылмыс жасау дерегі төмендеген. 9 айдың қорытындысын есептегенде 25 дерекке азайған.