Түркістанда оқушыны зорламақ болған мұғалімге сот үкімі шықты

  • 8
  • 08.10.2025, 19:39

Түркістанда 8-сынып оқушысы зорламақ болған мұғалімге қатысты сот үкім шығарды. 38 жастағы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жасөспірімді айдалаға апарып, жымысқы ойын жүзеге асырмақ болған. Қыз қашып құтылып, болған жайтты туыстарына айтып берген. Содан жәбірленуші тарап полицияның көмегіне жүгінген. Ал оқушының анасы мұғалімдер бұл оқиғаны жасырғысы келгенін айтқан. Тіпті мұғалім кінәсін мойындамаған. Алайда ер адамның кінәсі толық дәлелденді. 16 жылдық еңбек өтілі бар, бес баланың әкесі 12 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Ғани Құлдасов, Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

-Қаңтардан бастап жәбірленушіге Арсланбековаға WhatsApp желісі арқылы хабарласқаныңыз. Кездесуге өзіңіз хабарласып щақырғаныңыз ол бойынша кіріс-шығыс қоңырауды зерделеп осындай шешімге келіп отыр. Одан бөлек сіздің әрекетіңізде нақты азғындық әрекеттер орын алған. Яғни жәбірленушіге қатысты құшақтау, ұстау, үйкелеу сияқты азғындық әрекеттер жасаған деп табылды. Осы сот отырысында.