Тілсіз жау Екібастұз ауданы Солнечный кентіндегі шаруа қожалығынан шыққан. Өрт 900 шаршы метр аумақты шарпып, сол жердегі тұрғын үйге жеткен. Апат кезінде үйде 7 адам болған. Оның біреуі ғана өз бетімен далаға шығып үлгерген. Қазір ер адам ауруханада жатыр.
Темірбек Айсабеков, Екібастұз қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы:
-2025 жылғы 9 қазанда сағат таңғы 06:34-те шаруа қожалығының ғимараттары жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Құтқарушылар тілсіз жауды ауыздықтау кезінде әрқайсысы 27 литрлік 8 газ баллонын сыртқа алып шықты. Белгілі болғандай, өрт жер үйді де толықтай шарпыған. Өрттің шығу себебі анықталуда.