Елордада науқастарды алдаған дәрігерге қатысты сот үкімі шықты. Ол мүгедектік рәсімдеуге көмектесемін деп 6 адамнан 4 млн теңгеден астам ақша алған. Алайда алаяқ дәрігердің мұндай қызмет көрсетуге құқығы болмаған. Айыпталушының кінәсі толық дәлелденіп, сот оны бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар материалдық шығын өндірілді. Қала прокуратурасы әлеуметтік қызметтерді алу үшін тек уәкілетті органдарға ресми өтініш беру қажет екенін ескертеді.