Ақтөбе облысында жол апатынан 12 адам қаза болды

  • 17
  • 23.10.2025, 19:43

Самара-Шымкент тас жолында DAF жүк көлігі мен «Газель» автокөлігі соқтығысты. Оқиға Белқопа ауылы маңында болған. Мерт болғандардың екеуі жүргізуші, 10 жолаушы. Тағы бес адам Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді. Үшеуі ауыр халде. Қазір жол апатының себебі анықталып жатыр.

Абай Жүсіпов, облыстық ПД бастығы:

-Алдын ала мәліметтер бойынша DAF жүк көлігі қарсы бағыттағы жол жолағына шыққан. Оқиға бойынша алдын ала тергеп тексеру басталды. Белгілі болғандай, «Газель» көлігі Жүргенев атындағы ауылдан облыс орталығына ресми түрде жолаушылар тасымалдаумен айналысқан. Оқиға орнында полиция қызметкерлері, жедел-тергеу топ жұмыс атқаруда.