ШҚО-да алтынды заңсыз өндіру фактісі анықталды

  • 9
  • 21.10.2025, 19:54

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, Самар ауданы аумағындағы «Кенкарын» учаскесінде екі жыл бойы бағалы металдар заңсыз өндірілген. Күдіктілер арнайы техника мен өнеркәсіптік жабдықтарды пайдаланып, Құлынжон өзенінің арнасын өзгерткен. Салдарынан табиғатқа келтірілген залал 82 миллион теңгеден асты. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Тексеру барысында ауыр арнайы техника және өнеркәсіптік жабдық тәркіленді. Ұйымдастырушы 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда.