«Takorp» қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

  • 17
  • 23.10.2025, 19:32

Қаржы мониторинг агенттігі «Takorp» қаржы пирамидасына қатысты тергеуді аяқтады. Күдіктілер азаматтардың қаржысын инвестициялық жоба ретінде тарту схемасын ұйымдастырған. Олар 30-дан 50 мың АҚШ долларына дейін инвестиция салғандарға 100% кіріс уәде еткен. Пирамида интернет-платформа арқылы жұмыс істеп, «VIP-1»-ден «VIP-6»-ға дейінгі алты деңгейлі матрицалық жүйе қолданған. Төлемдер USDT криптовалютасымен жүргізіліп, салым көлемі мен тартылған қатысушылар санына байланысты есептелген. Заңсыз жобаның оң имиджін қалыптастыру үшін ұйымдастырушылар балалар үйлерінде қайырымдылық шараларын өткізген. Жалпы «Takorp» қаржы пирамидасының құрамында 117 адам болған. 

Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

-Сот санкциясымен 32 мың АҚШ долларына тең криптовалютаға тыйым салынды. Екі күдіктінің қозғалысын шектеу және тәртіп сақтау туралы қолхатпен бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.