Ақтөбедегі жол апаты: 5 жолаушы жансақтау бөлімінде

  • 39
  • 24.10.2025, 19:50

Самара – Шымкент бағытының Белқопа ауылы тұсында болған жол-көлік оқиғасынан кейін 6 адам аудандық ауруханаға түскен еді. Қазір олардың бесеуі жансақтау бөлімінде. Арасында 16 жастағы жеткіншек те бар. Дәрігерлер: «Жарақат алған жандардың жағдайы тұрақты ауыр», - дейді. Тек бір адам травматология бөлімінде ем алып жатыр.

12 жолаушы қаза тапқан жантүршігерлік оқиға кеше болды. Жүргенов ауылынан шыққан «Газель», ауыр жүк көлігіне соқтығысты. Қазір апаттың себебін Үкімет жанынан құрылған арнайы комиссия анықтап жатыр.

Ерлан Сұлтангереев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: 

- Үш науқас аудандық ауруханада қалады. Біздер кеше ғана үш дәрігерді орталық ауруханалардан алдырдық. Науқастар бақылауда болды. Жағдайлары тұрақты ауыр. Біздер 24 сағат осы науқастар бойынша телемедицина ұйымдастырып, осы науқастардың жағдайын Денсаулық сақтау министрлігі және шұғыл Ұлттық медицина орталығы мамандарымен келісудеміз.