Оқиға шағынаудандардың біріндегі сервистік орталық ғимаратының жертөлесінде болған. Апат орнына 15 адамнан тұратын құтқарушылар мен жедел жәрдем бригадасы шұғыл жеткен. Құтқару операциясына бес техника жұмылдырылды. Өрт сөндіріліп, оның себептері тексеріліп жатыр. Жарылыстан жертөле мен бірінші қабаттың терезелері сынып, тас қақпаның бір бөлігі қираған. Ауладағы көліктердің бірқатары бүлінген. Оқиғадан бес адам зардап шекті. 52 жастағы ер адамның денесінің 55 пайыз бөлігін күйік шалған. 22 жастағы қыз балаға медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық ем алуға жолданды.
Жанар Байманова, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім жетекшісі:
- Екеуі Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасына, үшеуі Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына, екінші пациент балалар ауруханасында. Ол пациенттің жағдайы қанағаттанарлық, жағдайы тұрақты. Қалған 3 науқас амбулаториялық емдеуге жолданды.
Асхат Омаров, облыстық ПД тергеу басқармасының бастығы:
- Қазіргі таңда оқиға болған жерде жедел тергеу топтары жұмыс жасаап жатыр, аталған дерек Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 292 бабымен тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.