Қазір кәмелет жасына толмаған бір бала мен екі ересек адам реанимацияда. Дәрігерлер: «Олардың жағдайы ауыр», - дейді. Қалған үш науқас политравма бөлімінде ем алып жатыр. Жантүршігерлік көлік апаты Әйтеке би ауданының Белқопа ауылын маңында болды. Тасжолда жүк көлігі қарсы бетке шығып кетіп, жолаушылар мінген «Газель» автокөлігімен соқтығысты. Қайғылы оқиға салдарынан екі жүргізуші мен 10 жолаушы сол жерде мерт болды.
Жандос Полатов, дәрігер-травматолог:
- Реанимация бөліміндегі науқас 1974 жылғы қазіргі жағдайы ауыр. Бас миының жарақаты және көптеген сынықтармен келіп түсті. Қазіргі таңда протокол бойынша толықтай емін алып жатыр. Политравма бөліміндегі қалған үш науқастың жағдайы тұрақты. Бір науқас оперативті емге дайындалуда.