Қарағанды облысында есірткі саудасымен айналысқан интернет-дүкен иесі ұсталды

  • 13
  • 04.11.2025, 19:46

Ол заңсыз тауарды интернет арқылы таратты деген күдікке ілінген. Тінту барысында күдіктіден екі бағалы ұялы телефон, 200 мың теңге ақша және 2 граммға жуық ұнтақ зат тәркіленді. Ал тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде 100 граммдай болатын ақшыл сары түсті ұнтақ салынған 51 түйіншек табылған. Қазір аталған қылмысқа қатысы бар өзге тұлғалар анықталып жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.