Ал азаматтарға: «Салған қаражатының 300-ден 800 процентке дейін табыс әкеледі», - деп уәде беріп, салым түрлерін ұсынған. Салынған қаржы неғұрлым көп болса, табыс та соғұрлым мол болады деп сендірген. Ал қатысушыларға төлемдер нақты кәсіпкерлік қызмет есебінен емес, жаңа салымшылардың қаражатынан берілген. Қазір Қаржылық мониторинг агенттігінің облыстық департаменті қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету дерегі бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Қылмыстық схемаға ұйымдастырушының туыстары мен таныстары «дропперлер» ретінде тартылған, олардың атына тіркелген банктік карталары мен шоттарына салымшылардың ақшасы қабылданған. Нәтижесінде қаржы пирамидасына 400-ден астам азамат тартылып, жиналған қаражаттың жалпы көлемі 100 млн теңгеден асқан. Сот санкциясымен күдіктінің пәтері мен автокөлігіне тыйым салынды. Тергеу жалғасуда.