Балық инспекторлары Түпқараған ауданы жағажайын көктен және қайықпен бақылау кезінде 112 итбалық өлексесін тапқан. Олардың көбі елді мекеннен Баутино мүйісіне дейінгі аумақтан анықталып отыр. Жұмыс тобы қазір сол жерде тексеру жүргізуде. Экологтар теңіз суы және бірнеше өлекседен сынамалар алған.
Сағадат Өмірханова, облыстық балық шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
- Гидробиология және экология институтының қызметкерлері экспедиция жүргізіп жатқан. Маңғыстау облысының әкімдігімен итбалықтарды қорғау мақсатында алгоритм құрылды және жұмыс тобы құрылды. 2025-тің көктем айларында жалпы 284 итбалық өлексесі анықталды. Ешқандай жұқпалы аурулар немесе теңіз суының ластануынан болды деген ешқандай қорытынды болған жоқ.