Комаға түскен науқас елордадағы жедел көмекті үйлестіру орталығында ем алады. Тағы үш адам амбулаторлық жағдайда ем қабылдауға үйіне жіберілген. Қазір облыстық балалар ауруханасында 16 жастағы жеткіншек жатыр. Жағдайы әлі ауыр.
Естеріңізге сала кетейік, жантүршігерлік көлік апаты 23-ші қазан күні Әйтеке би ауданының Белқопа ауылының маңында болды. Тасжолда жүк көлігі қарсы бетке шығып, жолаушылар мінген «Газель» автокөлігімен соқтығысты. Қайғылы оқиға салдарынан екі жүргізуші мен 10 жолаушы сол жерде мерт болған еді.
Жандос Полатов, дәрігер-травматолог:
- Қалған бір науқас политравма бөлімшесінде жатыр. Иық және білек сүйектеріне операция жасалды. Қазіргі таңда жалпы жағдайы тұрақты. Емін толықтай алып жатыр.