«₸17 млн жымқырған». БҚО-да дропперлік алаяқтық схемасы анықталды

  • 9
  • 05.11.2025, 19:38

Дропперлер 200-350 АҚШ доллар аралығында сыйақы алып отырған. Ұйымдастырушылар уақытша табыс көзі ретінде жастарға екінші деңгейлі банктерден өз атынан шот ашуды ұсынған. Интернет-банкингтің мобильді қосымшалары орнатылғаннан кейін шоттар қылмыскерлердің бақылауына өткен. Қазіргі уақытта ұйымдастырушы күдікті ретінде танылып, соттың санкциясымен қамауға алынған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:

- Еске саламыз, 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қылмыстық Кодекске банктік шотқа, төлем құралына немесе сәйкестендіру құралына заңсыз қолжетімділікті беру, тарату не иелену үшін жауапкершілікті белгілейтін 232-1-бап енгізілді. Бұл бап негізінде мүлкін тәркілей отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.