«Bek Air» ұшағының апатқа ұшырауы бойынша сот үкімі шықты

  • 8
  • 05.11.2025, 19:37

Алайда олардың қайтыс болуына байланысты жаза тағайындаған жоқ. Сот шешімінің түсіндірмесіне сәйкес, ұшақ қанатының үстінде қар мен мұздың жиналуы апатқа себеп болған. «Экипаж ұшу қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұзған», - деді судья. Ұшақ мұздан тазартылмағандықтан, ұшу конфигурациясы дұрыс таңдалмаған, тангаж бұрышын 10 градустан асырып жіберген. Сот шешіміне сәйкес, барлық процессуалдық шығындар мемлекет есебінен өтеледі. Ал Bek Air компаниясының мүлкіне салынған тыйым азаматтық талап-арыздар қаралғанға дейін сақталады. Азаматтық талаптардың жалпы сомасы шамамен 5 миллиард теңге көлемінде.

Еске сала кетейік, 2019 жылы 27-ші желтоқсанда Bek Air компаниясының Алматыдан Астанаға бағыт алған Fokker 100 ұшағы әуеге көтеріліп, көп ұзамай биіктігін жоғалтады. Артынша ол қоршауды бұзып, әуежай маңындағы екіқабатты коттеджге соғылған. Ұшақ бортында 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған еді. Апат салдарынан 12 адам қаза болды. 

Дастан Әлмағамбетов, Түрксіб аудандық сотының судьясы: 

- Сот Мұратбаев Марат Ғаниұлын Қылмыстық Кодекстің 344-бабының 3-бөлігіне сәйкес, құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, қайтыс болуына байланысты жаза тағайындамады. Молдақұлов Миржан Ғайноллаұлы да Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 344-бабының 3-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қайтыс болуына байланысты жаза тағайындалмады.