Сонымен қатар өз бетінше жер учаскесін иемдену және рұқсат құжаттарынсыз жұмыс жүргізу дерегі тіркелді. Заңсыз нысан Абай ауданы аумағында көптеп салынған. Сонымен қатар Тұран, Еңбекші, Қаратау мен Әл-Фараби аудандарында да кездеседі. Осыған байланысты құзырлы органдардың араласуымен 187 нысан мен 63 үйдің іргетасы бұзылды. Қала билігі қалған құрылысты сот тәртібімен заңдастыруды ұсынып отыр.
Сәрсен Құранбек, қала әкімінің орынбасары:
- 2008 жылдан бері Шымкент қаласында бірде-бір учаске жеке адамдарға берілген емес. Берілген болса да аукцион арқылы, конкурс өткізу тәртібімен ғана беріліп келе жатыр. Жер саласында делдалдардың өріп жүргенін білесіздер. Мен жер алып беремін. Мен мынаны реттеп беремін, рәсімдеп беремін деген. Тек ресми органдар, ресми мәліметтерге ғана сену керек.