Операция кезінде жасы 28 бен 30 аралығындағы екі тұрғын психотроптық заттарды өндіруге арналған жасырын зертхана ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды. Тінту барысында тәртіп сақшылары жалдамалы үйден бір тоннадан асатын прекурсор және 52 келідей дайын «Альфа-PVP» есірткісін тәркіледі. Сондай-ақ электронды таразы, араластырғыш, кептіргіш сынды айғақ заттар табылған.
Ғалымжан Бекболатов, полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы:
- Алдын ала тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктілер үйді зертхана ашу мақсатында жалдап, психотроптық заттарды куратордың нұсқауымен дайындаған. Ал еңбекақылары криптовалюта түрінде төленіп отырған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.