Хасан Қасымбаевқа сот үкімі шықты

  • 8
  • 11.11.2025, 19:36

Бірінші инстанциядағы сот оны қылмыскер деп танып, 12 жылға бас бостандығынан айырды. Нақтырақ айтсақ, оған адам ұрлап, денсаулығына қасақана ауыр жарақат салды және бопсалады деген үш бап бойынша айып тағылды. Алайда Қасымбаев өзін кінәлімін деп есептемейді. Ол соңғы сөзінде жалған айғақтар бойынша нақақ сотталып жатқанын айтты. Ережесіз жекпе-жек шебері Арман Әлімовты ұрып-соққан қалған айыпталушыларға 8-ден 22 жылға дейін жаза кесілді. Айыптаушы тараптың мәлімдеуінше, бұл жағдайға жаттықтырушының «Қасымбаев маған авторитет емес» деген бір ауыз сөзі түрткі болған. Сотталушылар жазасын қауіптілігі орташа деңгейдегі тәртіппен түзеу мекемелерінде өтейді.  

Гүлмира Бабажанова, Хасан Қасымбаевтың қорғаушысы:

-Сот тарапынан енді ешқандай заңбұзушылықтар болмай, орын алмайды деп ойладық, соған сендік енді әділ сот болады деп. Бірақ енді Хасанға берген 12 жыл өте көп жыл деп санаймыз, өте ауыр бұл жылдар. Апелляциялық шағым жазамыз қазір үкімді толық нұсқасын қолға аламыз, одан кейін апелляциялық тәртіпке береміз.