Астанада лифт құлап, бір адам көз жұмды

  • 8
  • 13.11.2025, 19:33

Мұқан Төлебаев көшесіндегі «Арыстан» тұрғын үй кешенінде лифт құлап, бір адам қаза тапты. Осы оқиғаға қатысты полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, тергеу басталғанын мәлімдеді. Полиция дерегінде еңбек қауіпсіздігі өрескел бұзылып, бір адам қаза тапқаны айтылған. Лифт қызмет көрсету ұйымының жұмысшылары жөндеу жүргізіп жатқанда құлаған. Қаза тапқан адамнан бөлек, лифт компаниясының тағы екі қызметкері ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы ауыр деп отыр. 

Бауыржан Ешмұратов, 1 Көпбейінді аурухана директорының емдеу ісі жөнінен орынбасары:

- Бір науқас жансақтау бөліміне жатқызылды. Ертеңге операцияға дайындап жатырмыз. Екіншісінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Бір науқас анестезиология, реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде, ал екіншісі әрі қарай бақылау үшін политравма бөлімінде жатқызылды.