Ұйымдастырушылар азаматтарды жоғары табыс уәдесімен инвестиция салуға үгіттеген. Тіпті жоба шынайы көрінуі үшін осы іске еш қатысы жоқ танымал голливудтық компанияның атауын пайдаланған. Әр қатысушыдан кемі 225 мың теңге көлемінде ақша алып отырған. Ал төлемдер тек криптовалюта түрінде қабылданған. Тергеу барысында ұйымдастырушылардан 4 млн-ға жуық қаржысы бар криптоәмияндар анықталды.
Ернар Тайжан, ҚР Қаржы мониторинг агенттігінің ресми өкілі: -Сот санкциясымен жалпы сомасы 3,8 млн USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды. Сот үкімімен ұйымдастырушыға 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар сот 40 жәбірленушінің азаматтық талаптарын қанағаттандырып, олардың залалы тыйым салынған криптоактивтер есебінен өтелетін болды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.