Қазақстан блогер Mellstroy-ға іздеу жариялады

  • 11
  • 17.11.2025, 19:42

Сот оған қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Ол әлеуметтік желілерде Қазақстандық пайдаланушыларды да нысанаға ала отырып, онлайн-казиноны жарнамалаған. Тіпті сол үшін түрлі ұтыс ойындары мен челлендждерді жариялаған.

Ернар Тайжан, ҚР Қаржы мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Егер іздеудегі тұлғалардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, Астана қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне келесі телефондар арқылы хабарласуыңызды сұраймыз:

+7 7172 70 84 78 — кезекші бөлім; +7 7172 70 84 79. Құпиялылық пен сыйақыға кепілдік беріледі.