Ал 40 мыңнан астам адам жарақат алған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп көрсеткіш. Мамандардың айтуы бойынша, құрбан болғандардың (зардап шеекендердің) жартысын қарапайым ережелерді сақтау арқылы аман алып қалуға болар еді. Алайда жылдамдықты арттыру, қарсы жолға шығу, мас күйінде көлік жүргізу, жаяу жүргіншілердің жолды тиісті емес жерден кесіп өту себептері азаймай тұр. Елде былтырдан бері «жасырын» патрульдеу тәсілі жұмыс істеп істейді. Сонымен қатар барлық сандық жүйелер мен камералар «ТОР» платформасына біріктірілген. «Бірақ бұл шаралардың барлығы жеке жауапкершілікті алмастыра алмайды»,– дейді полиция өкілдері.
Ғалым Саргулов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары:
-Ата-аналар, балаларға жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрысты үйретіңіздер. Жүргізушілерге айтарымыз, бір минут үшін өмірлеріңізді қатерге тікпеңіздер. Ал жаяу жүргіншілер жолда ең әлсіз тарап екендерін ұмытпаса дейміз. Себебі жол қауіпсіздігі бұл тек полицияның емес, бәріміздің ортақ ісіміз.