Жер қолданысына шектеу қойылып, кооператив қызметіне аудит жүргізілуде. Қалалық прокуратураның мәліметінше, кооператив төрағасы үйлер жанындағы 1,7 гектар жер учаскесін заңсыз бөліп, оның бірнеше бөлігін үлестес тұлғаларға сатқан. Заңсыз сатылған учаскелердің құны 300 миллион теңгеден асады. Тексеру барысында басқа да заңбұзушылықтар анықталған.
Райымбек Шәріпбаев, Алматы қаласы прокурорының көмекшісі:
- Заңсыз жертөле жатақханалар, антисанитария, коммуналдық желілерге өз бетінше қосылу. Мемлекеттік органдармен бірлесіп 10 жатақхананың қызметі тоқтатылды. Қабылданған шаралар мекендегі қылмыстың санын 50 пайызға, қоғамдық тәртіпке қарсы әкімшілік құқықбұзушылықтар санын 70 пайызға төмендетуге мүмкіндік берді.