БҚО-да жол апатынан сегіз адам мерт болды

  • 11
  • 17.11.2025, 19:54

Онда екі жеңіл көлік соқтығысып, біреуі жанып кеткен. Қаза тапқандардан бөлек, төрт жолаушы ауруханаға жеткізілді. Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала болжамға сай, жүргізушінің бірі қарсы бағытқа шығып кеткен болуы мүмкін. Оқиға орнында полицейлер, жедел тергеу тобы мен төтенше жағдай қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Ернар Сұлтанғалиев, БҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі:

- Бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала болжам бойынша жүргізушілердің бірі қарсы жолға шығып кеткен. Ауа райы мен жол жағдайы жақсы, еш кедергі жоқ. Барлық жағдай жіті тексеріледі. Полиция жүргізушілерді жолда абай болуға шақырады.