Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Жетісай ауданына барып, өрттен қайтыс болған отбасының жақындарына көңіл айтты. Оқиға болған үйді көріп, құзырлы орган басшылары мен жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді. Естеріңізге салайық, таңертең Түркістан облысы Төтенше жағдай департаментінің «101» пультіне Жетісай ауданының Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үйдің өртенгені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімі келген кезде тұрғын үйдің толық қызыл жалынға оранғаны анықталды. Өрт салдарынан 12 адам қаза тапты. Оның 9-ы бала. Үйдің ішінен ес-түссіз күйдегі тағы үш адам табылды. Олар шұғыл ауруханаға жеткізілген. 360 шаршы метр аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді.