Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі. Әкімдікке өрт салдарынан қаза тапқандарды жерлеуді ұйымдастыруға жәрдемдесу тапсырылды.Облыс әкімдігінің мәлімдеуінше, қазір оқиға орнында аудан әкімі, аудандық прокурор, полиция және төтенше жағдайлар бөлімдерінің басшылары жұмыс істеп жатыр. Жедел жағдайды бағалау және көмек көрсету мақсатында ауданға облыс әкімі, Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы барды. Оқиға орнында барлық жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр.