Есірткі саудасының жолы келісілді

  • 5
  • 21.11.2025, 19:43

Тек соңғы 10 күннің ішінде заңсыз айналымнан 55 келіден астам «синтетикалық» есірткі тәркіленді. Нәтижесінде әртүрлі есірткі қылмысымен айналысқан 14 адамды ұсталған. Олардың арасында есірткіні жасырын қойып кетушіден бастап ірі синтетикалық есірткі өндірушілер де бар. Мәселен, Шымкент қаласында ұсталған 38 жастағы азамат интернет дүкенде курьер болып жұмыс істеген. Осылайша ол синтетикалық есірткілерді еліміздің әр өңірлерінен алып, сатқан. Ал Қарағанды қаласында жалға алынған жеке үйден жасырын есірткі зертханасы табылған. Ол жерден көтерме бағамен өткізуге дайындалған 52 келіден астам альфа-PVP тәркіленген.

Бақытжан Әмірханов, ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы: 
 
-Барлық күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жалпы соңғы 10 күнде заңсыз айналымнан 55 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Осылайша, заңсыз айналымға 165 мыңнан астам бір реттік дозаның таралуына жол берілмеді.