Тергеу бойынша олар діни негізде шабуылдар мен кісі өлтіруге шақырулар таратқан. Сонымен қатар зайырлы тәртіпке қарсы шыққан. Тінту барысында олардан атыс және суық қару, сондай-ақ көптеген діни әдебиеттер тәркіленді.
Бұдан өзге, 3-ші қарашада терроризмге шақыру материалдарын таратқан Ақтөбе облысының тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Жалпы жыл басынан бері Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының материалдары бойынша террористік және экстремистік әрекет үшін 83 адам ұсталып, 97 адам сотталған.