Түркістанда субсидияны жымқырғандар сотталды

  • 2
  • 26.11.2025, 19:32

Түркістанда «Еңбек мобильділігі орталығының» бұрынғы директоры және оның сыбайластарына сот үкімі шықты. Соттың үкімімен үш айыпталушыға 4 жыл 6 айдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Екі кәсіпкерге 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы белгіленді. Олардың Түркістан қаласында бюджет қаражатын жымқырғаны дәлелденді. Тергеу құжаттарына сәйкес орталық қызметкері еңбек міндеттерін іс жүзінде орындамаған 78 азаматты жұмысқа қабылдау туралы жалған бұйрықтарды рәсімдеген. Мемлекетке келтірілген залал сотталушылар тарапынан толық көлемде өтелді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.  

Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Ай сайын жүйеге жалған жұмыс уақытын есепке алу табельдері енгізілген. Осы құжаттар негізінде қаражат «жұмысшылардың» шоттарына аударылып отырған. Алынған қаражат кәсіпкерлермен қолма-қол ақшаға айналдырылып, бөлім қызметкеріне берілген, кейін ол қаражатты схемаға қатысушылар арасында бөлген. Мемлекетке келтірілген залал сотталушылар тарапынан толық көлемде өтелді.