Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 82% әйелдерге жасалады. Құрбандардың 33,7% балалар болса, 13,4% қарт кісілер. Бұл қазақстандық қоғамдық даму институты әзірлеген ұлттық баяндаманың нәтижесі. Зерттеу бойынша өткен жылы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 3 мың 400-ге жуық қылмыстық іс қозғалған. Биылғы алты айдың өзінде 1 мың 600-ден астам іс тіркелген. Көрсеткіштің артуына былтыр қабылданған «Салтанат заңы» әсер етті. «Дегенмен әлі де өз жақындарынан жәбір көріп жүрсе де, оны «ұят» санап, жасырып жүргендер аз емес»,– дейді сарапшылар.
Ақнұр Иманқұл, қазақстандық Қоғамдық даму институты отбасы және гендерлік саясат саласындағы зерттеулер орталығының басшысы:
-Агрессорлармен кешенді жұмыс жасау. Яғни бізде агрессорлар анықталады ғой. Қамауға алынады немесе айыппұл төлейді. Сол кезде агрессорлармен әрі қарай жұмыс жасалмайды. Осыны көрсетті бізде эксперттер. «Отбасын қолдау» орталықтарына талдау жүргізілді. Мысалы, өңірлерде «Отбасын қолдау» орталықтары аз екені немесе жетпейтіні анықталды. Сонымен қатар мектепте балаларға эмоционалдық-интеллект негіздерін үйрететін «Этика» сабағын енгізу.