Ақтөбе облысында құны ₸8 млрд жанармайды заңсыз шығарғандар ұсталды

  • 1
  • 26.11.2025, 19:37

Еліміздің Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысында мұнай өнімдерін шетелге контрабандалық жолмен шығаруды кәсіп еткен топты ұстады. Тінту кезінде қару-жарақ пен құжаттар тәркіленген. Алдын ала мәлімет бойынша күдіктілер құны 8 миллиард теңге болатын 30 мың тоннадан астам жанармайды экспорттаған. Сотқа дейінгі тергеу басталды.