Алғабастағы өрт: баланың жағдайы ауыр

  • 7
  • 27.11.2025, 19:36

Ал баланың жағдайы ауыр. Бұл туралы Сенаттағы брифингте Денсаулық сақтау-вице министрі мәлімдеді.

Еске салсақ, 18-ші қарашада Жетісай ауданына қарасты Алғабас ауылындағы жеке тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға орнында 12 адам көз жұмды. Оның тоғызы бала. Аман қалған үш адам шұғыл жергілікті ауруханаға, кейін Шымкент қаласындағы ауруханаға жеткізілген болатын. «Оларға қазір барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - дейді мамандар. 

Тимур Сұлтанғазиев, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

- Өрттен зардап шеккендер Шымкент қаласына жеткізілді. Оларға қажетті ем-дом шаралары көрсетіліп жатыр. Алайда баланың жағдайы «ауыр» деп бағалануда. Қазір алматылық мамандар да жұмылдырылды. Бұл жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында.