Қостанайда заңсыз ағаш кесумен айналысқан топ әшкереленді

  • 7
  • 27.11.2025, 19:41

Топтың бір мүшесінде орман қоры учаскесін өңдеу құқығы болған. Бірақ ол мұны орман ағаштарын заңсыз кесуді жасыру үшін пайдаланып келген.

Фигуранттардың "қарағай" тұқымдас ағашты дайындаумен және оны бақылауындағы арналары арқылы өткізумен айналысқаны анықталды. 20 күдікті, оның ішінде ұйымдастырушы, орындаушы және делдал ретінде қатысқан тұлғалар полицияға жеткізілді. Заңсыз схеманың барын растайтын айғақтар мен дәлелдер алынды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.