Айзат Жұманованың ісіне қатысты сот отырысы ашық түрде өтеді

  • 7
  • 27.11.2025, 19:41

Қатысушылардың пікірін тыңдаған судья Әділет Бақытов осындай шешім шығарды.

Еске салсақ, қайғылы оқиға биыл Жетісу облысының Баласаз ауылында болған. 32 жастағы әйелді өзінің күйеуі қызғаныштан өлімші етіп сабап, атпен сүйреді деген болжам бар. Алдын-ала тыңдалым барысында прокурор Нұрлан Билібеков айыптау актісін оқыды.

Нұрлан Билібеков, мемлекеттік айыптаушы:

- Жанболат Айбар Қайратұлы 22 маусым 2025 жылы 12:00 шамасында алкогольді масаң күйде адам өлтіру, яғни басқа адамның құқығына қарсы қасақана қазаға ұшырату іс әрекетін жүзеге асырып, ҚР ҚК 99 бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны бойынша айыпталып отыр.