Олар сатып алушыларға пәтерлер мен автотұрақтарды нарықтық құнынан төмен бағада ұсынып, барлық құжат заңды деп сендірген. Ал іс жүзінде сатып алу-сату шарттарын жасаудың орнына меншік құқығын бермейтін, алдын ала келісімдер мен брондау құжаттарын рәсімдепті.
Салдарынан жәбірленушілер жеке тұлғалардың шотына 3,8 млрд теңге аударған. Сонымен қатар күдіктілер кей нысандардың меншік құқығын ресми түрде тіркегенімен, түскен қаржыны компанияның есеп шотына аудармаған. Осылайша тағы 4,1 млрд теңге қолды болды.
Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:
- Осылайша азаматтарға және компанияға келтірілген жалпы залал 7,9 млрд теңгені құрады. Сот санкциясымен 94 пәтерге, 51 паркинг орнына, 8 коммерциялық үй-жайға және бір автокөлікке тыйым салынды. Үш күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.