Алматы әуежайында сәби саудаламақ болған шетел азаматтары ұсталды

  • 1
  • 01.12.2025, 18:53

Желіде жарияланған ақпаратқа сәйкес, мегаполис әуежайында шетелдік азаматтар ұсталған. Олар суррогат аналардан туған нәрестелерді Қазақстан аумағынан алып кетуге тырысқан. Ерлі-зайыпты жұптың балаларды сыртқа шығаруға рұқсат құжаты болған. Алайда күдіктілер елден кете алмады.

Салтанат Әзірбек, ПД ресми өкілі:

- Алматы қаласы полция департаменті тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша, яғни  кәмелет жасқа толмағандарды саудалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, Қылмыстық іс жүргізу кодексімен көзделген барлық тергеу амалдары жан-жақты обьективті түрде жүзеге асырылуда. Қылмыстық іс аясында басқа да мәлімет жария етілмейді.